IDF Eurasia компаниясы Қазақстанда шағын бизнеске арналған «Дағдарыс кезінде қалай сатуға болады» де

IDF Eurasia компаниясы Қазақстанда шағын бизнеске арналған «Дағдарыс кезінде қалай сатуға болады» де

IDF Eurasia компаниясы Қазақстанда шағын бизнеске арналған «Дағдарыс кезінде қалай сатуға болады» деген тегін курс жүргізді.

IDF Eurasia тобы ағымдағы экономикалық жағдайда қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған жобаны жүзеге асыруды жалғасуда. Осы жобаның шеңберінде 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар бизнес жаттықтырушы және сарапшы Ғалия Қоянбаеваның жетекшілігімен «Дағдарыс кезінде қалай сатуға болады» тақырыбына тегін жаттықтырулар сериясы жүргізіледі.

Іс-шаралар онлайн нысанда жүргізілді. Оқыту теориялық және практикалық модульдерден тұрады, осылайша ары қарай тиімді жұмысына қажетті машықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
IDF Eurasia ұйымдастырған білім беру бағдарлама қатысушыларының қатарына Павлодар, Қызылорда, Алматы облыстарының, Семей қаласының тұрғындары бар. Дағдарысқа бейімделуді талап ететін ағымдағы қажеттіліктерді ескере отырып, 20 шілдеден бастап 06 тамызға дейінгі кезеңде Қостанай, Атырау және Қарағанды секілді қалаларының (және тиісінше облыстарының) бизнесмендер үшін ұқсас іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

367

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!