Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие болады

Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие  болады

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ш.Уалиханов көшесі бойында былтырғы жылдан бастап 60 пәтерлі он тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға таяу. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.


«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аймағы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», – дейді Кентау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан АЛДЫБАЕВ.


Қалада сонымен қатар 5 қабатты 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жалпы аймағы 151368 ш.м. құрайтын үйлер 15 шағын ауданда бой көтереді.

36

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!