IDF Eurasia тобы Қазақстанда облигацияны сәтті орналастырды

IDF Eurasia тобы Қазақстанда облигацияны сәтті орналастырды

IDF Eurasia халықаралық тобына кіретін «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (Solva және MoneyMan брендтері) 2 жыл айналым мерзімімен және жылына 19%-бен облигацияларды сәтті орналастырды. Облигациялардың номиналы – 1000 теңге, купондар бойынша төлем жылына 4 рет жүзеге асырылады, шығарылымның максималды көлемі – 4 млрд. теңге.

«Фридом Финанс» АҚ биржада облигацияларды орналастырумен айналысқан негізгі ұйымдастырушы болып табылады.
Сауданың бірінші күні 2 млрд. теңге сомасына бағалы қағаздар орналастырылды.
«МҚҰ облигацияларын KASE алаңыгда орналастыру Қазақстан тарихында бірінші рет болды, себебі осыған дейін сектор компаниялары облигациялар шығармаған. Заманауи кредит өнімдері мен мықты команда 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде, оның ішінде коронавирустық пандемияға тап келген екінші тоқсанда жоғары нәтиже көрсетті. Енді инвесторларымызға біздің бизнесіміз үздік жұмыс істейтіндігін және қиын қыстау кезеңде дамуды жалғастырғандығын көрсете алдық. Ары қарай біз қарыз беру капиталының нарығында жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз» – деді IDF Eurasia компаниясының негізін қалаушылардың бірі Борис Батин.
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС Moneyman және Solva брендтерімен танымал Ресей мен Қазақстандағы онлайн-кредиттеудің ірі сервисін ұсынатын IDF Eurasia тобының бөлігі болып табылатындығын еске саламыз. Еуразиядағы қаржылық-технологиялық жаңашылдықтың флагманы бола отырып, компания жауапты кредиттеу қағидаттарымен бірге шешім қабылдаудың үздік жүйесін пайдаланады.

359

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!