Қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің KPI сақтап қалуға тырысуда

Қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің KPI сақтап қалуға тырысуда

Қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің KPI сақтап қалуға тырысуда


Пандемия мемлекеттік басқару жүйесіне, технологиялық инфрақұрылымға ғана емес, бизнес үшін де тексеру кезеңіне айналды. 60%-дан аса қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылған қызметкерлердің өнімділігі төмендеген. Ситуациядан ойдағыдай шығу жолын команда басшылары тапты.


Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясы (Solva МҚҰ мен Moneyman.kz) жүргізген зерттеулерге сүйенсек, екінші карантин қызметкерлер үшін үлкен сынаққа айналды, көптеген қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілік деңгейі төмендеген. Сауалнамаға қатысқан 60% респонденттер, атап айтқанда, кеңсе қызметкерлері, HR қызметінің мамандары мен компания басшылары кеңсеге жылдам шығуды қалайтындығы және үй жағдайында жұмыс тиімділігін бұрынғы деңгейде сақтап тұруға қатысты қиыншылықтарға жолыққандығы туралы айтқан.

Жалпы алғанда, рекрутерлер мен құрылымдық бөлімше басшыларының деректері бойынша қызметкерлердің еңбек өнімділігі 35%-ға төмендеген. Жұмыс барысында әріптестерімен аса көп әрекеттеспейтін және тұрақтылықты талап ететін бэк-кеңсе мамандарының (мысалы, бағдарламашылар, аудармашылар және т.с.с.) шағын бөлігінде KPI керісінше 15%-ға артқан. Еңбек өнімділігінің төмендеуінің негізгі себептерінің қатарында респонденттер апатия мен депрессияны, концентрацияны төмендететін факторларды (қосулы теледидар, тұрақты негізде тамақтану немесе отбасы мүшелерімен сөйлесу), сонымен бірге әріптестермен нақты уақыт режимінде сөйлесу мүмкіндігінің болмауын көрсеткен.

Көптеген қызметкерлер үшін шынайы тілдесу кәсіби тонусты сақтауға мүмкіндік беретіндігі анықталды. Сауалнама қатысушылары бірінші локдаун кезінде мұндай сезімнің болмағандығын айтқан. Ол кезде қауіп сезімі жоғары, ал ситуация жаңа болған. Сол себептен болар қашықтықтан жұмыс жақсы жаңалық ретінде қарастырылған. Кейінірек ситуация үйреншікті болды, артынша кеңсені сағыну орын алды. Ал қашықтықтан жұмысқа бұрынғысынша көңіл толмайтын болды. Осылайша екінші карантин басталған кезде көптеген компаниялар іс-шаралар талап етілетіндігін түсінді.

50%-дан астам сауалнамаға қатысқан басшылар өнімділік деңгейін арттыру үшін жедел түрде уәжмеделеудің қосымша іс-шараларын енгізуді қолға алды. Оның ішінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің қызметінде жарысу элементтерін жұмысқа қосуды атап көрсетуге болады. Бірқатар компаниялар тіпті апта нәтижелері бойынша ең жоғары тиімділік көрсеткен командаларға, мысалы, тәтті десерт немесе өзге сыйлықтарды жеткізуді тәжірибеге енгізген.

Шамамен 30% респондент белгіленген жұмыс көлемін көрсетілген кезең ішінде орындамағаны үшін айыппұл енгізсе, 10% жетекшілер карантин кезінде қызметкер ауырып қалған жағдайда, жалақыны толық көлемде төлеу арқылы уәждемелеу жүргізу туралы шешім қабылдағандығын айтса, тағы 10% респондент компаниядағы барлық жұмыс процестері жоспар бойынша жүргізіліп жатқандығын және ешқандай қиыншылықтар жоқ екендігі туралы айтқан.

Басқаша айтқанда, пандемия қызметкерлердің кәсіби машықтарын немесе олардың жауапкершілігін төмендеткен жоқ, ол тек жеке компаниялардағы бизнес-процестерді басқару жүйесіндегі корпоративтік

мәдениеттегі кемшіліктерді анықтады. Сол себептен қазір қызметкерлерді уәждемелеу сұрағын сәтті шеше алған компаниялардың карантиннен кейін бұрынғыдан мықты және тұрақты жұмыс істеуге қажетті кәсіпқойлармен шығатындығы сөзсіз.

109

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!