Түркістан: Сарыағашта 1 алқаптан 3 өнім алу жобасы қарқынды дамып келеді

Түркістан: Сарыағашта 1 алқаптан 3 өнім алу жобасы қарқынды дамып келеді

Сарыағаш ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында жұмыс жүргізуге жалпы 400-ге жуық шаруа қожалық ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылуда. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша қазіргі таңда 36 704 тонна бірінші өнім жиналған. Екінші өнім егу бойынша 404 шаруашылық 921 гектар жерге егіс егу жұмыстарын аяқтап отыр.

Мәселен, Құркелес ауылындағы «Гүлшан апа» шаруа қожалығы 2 гектар жердің 1,2 гектарына қырыққабат, 80 сотығына баялдыр еккен. Бұл екінші өнім. Қожалық иесі РАИМНАЗАРОВ Шоназардың айтуынша, бұл әдіс шаруаға бір жылда үш рет өнім алып, зор табысқа кенелудің жолы.
Бұда бөлек, ең үлкен қарқынды бау – Сарыағаш ауданында орналасқан. Ол «АгроФуд Қазақстан» ЖШС-і. Серіктестіктің жер көлемі — 215 гектар, оның ішінде қарқынды бау — 200 гектарға жуық. Атап айтқанда, 92 гектары — алма, 70 гектары — шабдалы, 22 гектары — алша, ал 13 гектары — алхоры. Түгел тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Қарқынды баудан былтыр жалпы 550 тонна өнім алынса, биыл қазірге дейін 160 тонна жеміс жиналған. 2016 жылы жұмысы басталған серіктестікте тұрақты 100 адам жұмыспен қамтылған. Маусым кезінде 170 адам жұмыс істейді.
Айта кетерлігі, Қазақстан бойынша жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Сарыағаш ауданына тиесілі. Биыл аймақта 665 гектар жылыжайға көкөніс егіліп, қазіргі таңда жылыжайдан жалпы 64 860 тонна өнім жиналған. Халықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданда биыл егіс көлемі — 69 807 гектарға жеткен. Жалпы аудан бойынша егістен өнім жинау жұмыстары жалғасуда.
Ауданда мемлекеттік грант алып мал шаруашылығын дамытып отырған шаруалар да баршылық. Соның бірі Құркелес ауылының тұрғыны АБДУРАХМАНОВ Азамат 2019 жылы 505 мың теңге грант алып, бүгін үй іргесіндегі қорада мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысып келеді.

152

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!