Түркістандық дәрігерлер пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген науқасты аман алып қалды

Түркістандық дәрігерлер пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген науқасты аман алып қалды

Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны бір ай бұрын босанып, артынша пневмония ауруына шалдыққан. Облыстық клиникалық ауруханада өкпе қабынуынан ем қабылдап беті бері қарайды. Алайда, вирусты пневмония салдарынан, өкпе тамырларының тромбоэмболиясы, яғни қан тамырларының бітелуі орын алып, қан айналымының тоқтауы байқалады. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде 90 минут бойы жансақтау әрекетін жасаған.

Жүрекке аппарат арқылы массаж және қарқынды терапия қолданудың арқасында әйел аман қалды. Ешбір асқынусыз емін толық қабылдап, отбасына оралды. Дәрігерлердің айтуынша, клиникалық бақылаулар көрсеткендей, өкпе қабынуынан кейін қан қоюланып, өкпе және жүрек қан тамырларының бітелуіне соқтыруда. Науқастарға сол себепті де қан ұю процесін тежеп, тромбтың алдын-алу үшін қан сұйылту дәрі-дәрмектерін тағайындайды.
«COVID-19 немесе вирусты пневмониямен ауырғаннан кейін науқастың толық жазылу мерзімі 14 күннен 6 айға дейін созылады. Қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да созылмалы аурулары бар науқастарда сауығу кезеңі әдеттегіден ұзағырақ болады. Сондай-ақ, көпке дейін бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, тершеңдік және тез шаршау белгілері байқалады. Ағзаға үздіксіз күтім керек. Уақытылы демалып, дәрумендерге бай, құнарлы тамақтану арқылы иммунитетті күшейту қажет. Кейбір азматтарға тіпті тыныс алуды қалпына келтіру және психологиялық қолдау талап етіледі»,-дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қалия ТОЛШЫБАЕВА.

193

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!