Карантин кезіндегі ЭЦҚ

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу тек уақыт еншісіндегі сұрақ еді, алайда бірнеше жыл бұрын өз бизнес үрдістерін ЭЦҚ-ға байланыстырған компаниялар пандемия кезінде сөзсіз артықшылыққа ие болғаны сөзсіз.

Бүгінгі таңда ЭЦҚ мәнін түсіну оңай, себебі ЭЦҚ басқа цифрлық технологиялар секілді көптеген тапсырмаларды минималды уақыт шығындарымен шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде қызмет Қазақстанда үйреншікті ХҚО, банктер мен басқа компаниялар және ұйымдар жұмыс істемеген кезде төтенше жағдай режимінде танымалдыққа жылдам ие болды.
Ең алғаш ЭЦҚ-ны Қазақстанда практикалық мақсатта пайдалану механизмі дағдарысқа дейін, яғни 2018 жылдың сәуір айында Solva МҚҰ енгізді. ЭЦҚ-ның көмегімен онлайн кредит алу уақыты 15 минутқа дейін
қысқаруының нәтижесінде компаниялар микрокредит көлемін 30%-ға арттырып,
шығындарды 90%-ға дейін қысқартқан. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы ТЖ мен карантин кезінде көптеген адамдар қолма-қол ақшаның жетіспеушілігіне және кредит алу үшін банкке бару мүмкіндігінің болмауы секілді қиыншылықтарға тап болды. Осы ситуацияда ЭЦҚ-ның болуы құтқарды десе болады, ал кредитті онлайн режимде ресімдеу нысаны үлкен сұранысқа ие болды.
Бес мыңнан астам респондент қатысқан Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілген Solva компаниясының зерттеуіне сәйкес қарыздар саны бойынша көшбасшы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары болды. Осы көрсетілген аймақтарда карантин әрекет еткен және халық саны тығыз орналасқан.
Қарыз алушылардың арасындағы жас ерекшеліктері де баршылық. Кредитті табысы 150 мың теңгеге дейін 20-30 жас аралығындағы қарыз алушылар кредитті негізінен компьютерлерді, ноутбуктарды, сонымен қатар смартфондарды сатып алу мақсатында алған. Көптеген жағдайда мұндай гаджеттерді сатып алу негізінен қашықтықтан жұмыс нысанына өтумен байланысты болды.
Табысы 250 мың теңгеге дейінгі 31-63 жас аралығындағы қарыз алушылар тобы арасында кредит алу жеке бизнеске қолдау көрсету талпынысымен байланысты болды. Осылайша қарыз алушылар қарызды тұтынушылық кредит түрінде ресімдеп, жалақыны күтумен байланысты түрлі тұрмыстық сұрақтарды
шешуге тырысқан.
Solva МҚҰ операциялық директоры Далида Давлятшинаның пікірініше онлайн кредитті ресімдеу мен ЭЦҚ-ға қатысты сұраныстың өсуіне карантин әсер еткен, осылайша карантин қазақстандықтардың түрлі өмір саласында елеулі өзгерістер үшін триггерге айналды.
— Қазақстанда бес миллионнан астам азаматта электрондық цифрлық қолтаңба бар, болашақта ЭЦҚ саны екі есе артады. Адамдарға ақшаны қашықтықтан алу өте ыңғайлы. Жақында банктердің бөлімшелеріне және кеңселеріне бару тіпті қажет болмай қалады деп өз пікірін білдірді. Осылайша қазір компанияға онлайн режимге өту үшін ең жайлы кезең екендігін қайталап жеткізді.
ЭЦҚ-ға деген сұраныстың артуын мемлекеттік органдарда байқаған. Наурыз айында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министлігінің басшысы Асқар Жұмағалиев енді ЭЦҚ-ны қашықтықтан ХҚО-ға келместен алуға болатындығын, бұған қоса ЭЦҚ-ны мобильді қосымша арқылы алу мүмкіндігін атап көрсетті.
Solva зерттеу нәтижелеріне сәйкес карантин кезінде ЭЦҚ-ны онлайн режимде ресімдеген респонденттердің саны.
Өңір %
Алматы облысы — 60%
Алматы қаласы — 72%
Қызылорда облысы — 45%
Түркістан облысы — 38%
Жамбыл облысы — 25%
Нұр-Сұлтан қаласы — 35%
Шығыс Қазақстан облысы — 60%
Қарағанды облысы — 40%
Ақмола облысы — 42%
Шымкент қаласы — 34%
Ақтөбе облысы — 30%
Қостанай облысы — 25%
Атырау облысы — 19%
Маңғыстау облысы — 23%
Павлодар облысы — 17%
Батыс Қазақстан облысы — 54%
Солтүстік Қазақстан облысы — 42%

297

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!