Біріге көтерген жүк жеңіл

Біріге көтерген жүк жеңіл

Отандық компаниялар мен шетелдік қатысумен ашылған кәсіпорындар коронавирус пандемиясынан болған дағдарыстан зардап шеккен қазақстандықтармен бірдей ниеттестік танытты.


Сарапшылардың айтуынша Қазақстан пандемия қаупіне жылдам жауап қайтара отырып, елімізде вирустың таралуының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қабылдады. Алайда СОО, нарықтардың және кеңселердің жабылуы экономикаға теріс әсер ете отырып, адамдардың қалыпты өмірін өзгерткен. Қызмет көрсету, сауда, туризм мен тасымалдау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің көпшілігі шығынға
батса, кейбір кәсіпкерлер мүлдем жабылып қалған.
Дағдарысқа дейін де кез келген әлеуметтік-экономикалық ауытқулар үшін аса осал топқа кіретін шектеулі мүмкіндіктері бар адамдар мен зейнеткерлер үшін осы ситуация өте қиынға соққандығы жасырын емес.

Қазақстан үкіметі бизнес пен халыққа қолдау көрсету үшін 42500 теңге мөлшерінде жәрдемақыны тікелей төлеуді және кредиттер бойынша өсімпұлдарды есептеуге және мерзімі өткен төлемдерге айыппұл төлеуге тыйым салуды қоса алғанда бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды.

Меншік нысанына және құрылған мемлекетіне қарамастан бизнесте коронавируспен күресуге және адамдарға қолдау көрсетуге ұмтылды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы көппрофильді медициналық орталық тегін қарқынды терапия жасау мен реанимациялық іс-шараларды жүргізуге арналған құрал-жабдықты алды. Осы акция ұйымдастырушылары – «Шелл Казахстан», «Эни», «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.», «Тоталь», «ЛУКОЙЛ», «Камеко Казахстан», «Эр Ликид», «Такеда» секілді шетелдік мұнай компанияларының тобы, сонымен қатар «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» ассоциациясының өкілдері компанияларының тобы. Бұған қоса шетелдік инвесторлар ауруханаға 10 000
астам жеке қорғаныс құралдарының жиынтығын беріп қана қоймай, жаңа құрал-жабдықты пайдалану бойынша персонал арасында оқыту ұйымдастырды.

Вируспен күресу мақсатында бір миллиард теңгеден асатын соманы қазақстандық бизнесмен Еркін Татишев Kusto Group халықаралық компаниясы арқылы бөлді. Дағдарыс кезінде зардап шеккен көпбалалы отбасылар мен осал топ өкілдеріне көмекті бөлуді #KustoHelp қайырымдылық жобасының шеңберінде жүзеге асырылады.

Болат Утемуратовтың қоры Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жалпы құны 4 млн. $ асатын коронавирусқа халықты скринингті өткізу үшін әмбебап биоқауіпсіз лабораториялар пайда болды. Әрбір мұндай лаборатория күніне 1000-ға дейін анализ жасап, нәтижелерді үш сағат ішінде бере алады. Барлық тесттер тегін жасалады.
Қазақстандық медициналық қызметкерлерге Евгений Фельд, Аскар Алшинбаев, Есенғали Байменов, Нұржан Бекшенов, Райымбек Баталов секілді танымал кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Олар жалпы сомасы 1 млн. АҚШ долларын құрайтын сомаға Қазақстанның денсаулық жүйесіне жүз мыңнан астам бетперделерді, мыңдаған респираторларды, қорғаныс костюмдерін және көзілдіріктерді табыстаған.

Шағын бизнеске қолдау көрсету үшін Нұрлан Смагулов пандемия кезінде MEGA СОО жалға алушыларынан жалгерлік ақыны алмайтындығы туралы жариялаған. Арманжан Байтасов өз тарапынан Business FM радио толқынында ШОБ субъектілері үшін тегін жарнаманы жариялайтындығы туралы хабарлаған. «Кселл» компаниясы қазақстандықтарға өз тарапынан қолдау көрсеткен, компания абоненттері Қазнеттің материалдарына тегін қол жеткізуді алды, ал «БИПЭК Авто — Азия Авто» компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жедел штабтарды жаңа көліктермен қамтамасыз

етті.

Бизнес тарапынан көмектің тағы бір арнасына осы жылдың наурыз айында бірінші президенттің бастауымен құрылған Bizgirgemiz қайырымдылық қоры жатады. Қайырымдылық қорына Қазақстанда қызмет ететін барлық ірі компаниялар қаражат аударып, демеушілері қатарына қосылған.

Халықтың осал топтарына қызмет көрсеткен ұйымдардың ішінде Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) жатады. МҚҰ «Алма-Ата» Әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігімен, «Жүректен жүрекке» Қоғамдық қорымен, «Нурмед» Корпоративтік қорымен, «Зерек» Би-спорт қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы және еліміздің бірқатар өңірлеріндегі зейнеткерлерге және мүмкіндіктері шектеулі
адамдарға азық-түлік жиынтықтарын жеткізу бойынша демеуші болды. Карантин кезінде осындай күрделі жағдайға ұшыраған адамдар үшін бұл шынайы көмек болғандығы сөзсіз.

Бұған қоса «AG Argentum Estetic Medical» ЖК-мен бірлесе отырып, Алматы қ. №7 қалалық ауруханасына дәрігерлерге арналған жеке қорғаныс жиынтықтарын тегін ұсынған, медициналық қызметкерлердің ішінде вирусқа шалдыққандардың санының артуын ескеретін болсақ, қорғаныс костюмдері қазіргі сәтте өте қажет.
Осы акция арқылы Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар шағын бизнеске де көмек көрсетті, себебі костюмдер мен бетперделерді тігуге тапсырыс түрлі медициналық киім-кешекті тігумен айналысатын жергілікті жеке кәсіпкерге берілді. Ұйым өзінің қайырымдылық белсенділігін Қазақстанның басқа да өңірлерінде жүргізіп келеді. Мысалы, Қапшағай мен Талдықорған қалаларындағы жүзден аса мүмкіндіктері шектеулі адамдар азық-түлік өнімдерін алған. Бұған қоса компания қызметкерлері Жеңістің 75 жылдығымен ҰОС ардагерлерін құттықтауды да ұмытпаған.

Карантин кезінде жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін Solva МҚҰ (IDF Eurasia тобы) өңірлерде сату саласындағы тәжірибелі жаттықтырушы Ғалия Қоянбаева өткізетін оқу семинарларының сериясын іске қосты. Семинарларда шағын бизнесті карантиннен кейін қалай жүргізу қажет және карантиннен шығуға қалай дайындалу керек деген секілді сұрақтар талқыланатын болады.
Аталған сұрақтар ірі бизнес үшін де өзекті, алайда мұндай әрқашан мүмкіндіктермен бірге жауапкершілік келетіндігін есте сақтаған абзал. Сол себептен болап корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік карантин кезінде ғана емес, оған дейін де байқалған. Алайда қазақстандықтар үшін күрделі кезеңде бизнес жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуі керемет көрсеткіш екендігі көңілге жылулық ұялатады.

Источник:
156

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!