Қаржылық технологиялар көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға көмектеседі

Қаржылық технологиялар көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға көмектеседі

Қазақстанда қаржылық технологиялардың белсенді пайдаланушыларына МҚҰ мен онлайн-сақтандыру компаниялары жатады
Автор: Ксения БОНДАЛ


Қаржылық технологиялар нарығына құбылмалылық тән. МҚҰ мен онлайн-сақтандыру компаниялары аталған нарықтың Қазақстандағы белсенді пайдаланушыларының қатарына кіреді. Өткен жылғы «Микроқаржыландыру туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулерді ескеретін болсақ, Қазақстандағы қаржылық технологиялар индустриясы үшін қарқынды өсу кезеңі келді» — деген пікірмен «Капитал.kz» корреспондентімен Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясының стратегиялық даму жөніндегі басқарушы

директоры Алина Дзоекаева бөлісті.

— Алина, осы жылы қазақстандық қаржылық технологиялардың құбылмалылығының өсуін күткен жөн бе?


— Қаржылық технологиялар – тым кең ауқымды түсінік: бұған төлем агрегаторлары, p2p-кредиттеу платформалары және жылдам цифрлық аударымдар жүйелері мен краудсорсингтік жобалар кіреді. Ал Қазақстан жайлы айтатын болсақ, бізде қаржылық технологиялар халық арасында үлкен қызығушылықты көрсеткен цифрлық кредиттеу мен төлем жүйелері арқылы ұсынылған. PDL шеңберінде жұмыс
істейтін компаниялардың (жалақыға дейінгі қарыз, пайыздық мөлшерлеме жеке тәртіпте белгіленеді) қызметті реттелмеген болатын. 2019 жылы Ұлттық банк нарық талабына сәйкес әзірленген өзгерістер туралы айтты, себебі PDL түрінде қаржылық технологиялар көмегімен берілген кредит көлемі айтарлықтай үлкен және бүкіл Қазақстанға таралды. Нарықта түрлі ойыншылар бар екені анық, кейбір қарыз берушілер
ережелерді сақтамастан клиенттерге үлкен пайыздарды есептеген. Жаңа заңнама шеңберінде
реттеу мұндай компаниялардың үлесін төмендетуге мүмкіндік береді. Құбылмалылық туралы сұрағымызға қайта оралатын болсақ, жаңа заңнамадағы өзгерістер ситуацияны тұрақтандыруға көмектесетіні сөзсіз. Нарықтағы ауытқулар реттеудің болмауымен тікелей байланысты, бұған қоса ойыншылар нарықтағы жұмыстың ережелерін өздері белгілеуі нарықтағы күтпеген жағдайдың туындауына алып келді.
Ал енді нарық үшін өсуге арналған әлеуетті уақыт келді.

— Қаржылық технологиялар нарығы үшін экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық
тәуекелдіктер тән. Ал сіз қазір реттеу нарықты тұрақты етеді дедіңіз, яғни
тәуекелдіктер жойылмай, оның деңгейі төмендейді дегенді білдіреді ме?


— Жалпы алғанда, иә. Басқа мемлекеттердің практикасына қарайтын болсақ, Қазақстандағы заңнама кредит ұсынатын компаниялар үшін айтарлықтай жайлы емес. Біздің және ресейлік заңнаманың айырмашылығын түсіндіруге рұқсат етіңіз. Ресейде орташа бір күндік мөлшерлеме түсінігі бар және Ресей Федерациясының Орталық Банк тарапынан компаниялар өз мөлшерлемелерін төмендете отырып, қатаң бәсекелестікте жұмыс істейтін дәлізді ғана реттейді. Ресейдегі ақырғы пайдаланушы Қазақстандағы
қарыз алушыларға қарағанда айтарлықтай арзан өнімді алады, себебі бізде 45 күнге берілетін қарыздар бойынша жылына 30% мөлшерлеме қарастырылған. Барлық ойыншылар мөлшерлемені мейлінше ұзақ сақтауға тырысатындығы анық. Капитал бойынша талаптардың болуы мұндай компаниялардың нарықтан кетуіне және клиенттердің ағыны қалған ойыншылар арасында таралатындығы анық және мұндай өзгерістер бастапқы кезеңде жеткілікті. Менің пікірімше, жыл ішінде осы мөлшерлеме сақталынады және ешкім оны түсірмейді, ал жылдың соңында компаниялар қарыз беру бойынша жоспарды орындағысы келгенде мөлшерлемелер бойынша демпингтің көмегіне жүгінеді. Кредиттеумен айналысатын барлық компанияларға қор қажет және мұндай көрсеткіш банк саласындағы қорландырудан ерекшеленеді, себебі екінші деңгейлі банктер депозиттер аша алады және осылайша өз мөлшерлемелерін төмендетеді.
Микроқаржылық кредиттің өзіндік құны негізінен қорландыру құнына тікелей байланысты, себебі инвестиция түрінде келетін қаражат шетелдік валютада келеді, осылайша валюталық тәуекелдіктерді хеджелеу талап етіледі. Осылайша мұндай каражаттың құны шамамен 23%-ға артады, бұған қоса қарызды берумен байланысты шығындарды өтеу талап етіледі, табыс алу да қажет. Компанияларда клиенттерге
банктік шоттарды ашы құқығы жоқ, сол себептен олар қаражатты клиенттердің ағымдағы шоттарына аударуға, тиісінше комиссиялық және транзакциялық шығындарды өтеуге міндетті. Жаңа заңнамаға сәйкес біз барлық ықтимал шығындарды көрсету мен оларды СЖТМ-да ескеру талап етіледі. Бұған қоса реттеуші органның белсенділігі нарықты қалыптастыруға әсер етеді.

— Менде кез келген салаға тән экономикалық тәуекелдікке қатысты жеке сұрақ бар. Қаржылық технологиялар мәнмәтінінде бұл халықта кредиттің шамадан тыс болуын білдіреді. Ол туралы не айтасыз? Көрсеткіш өседі ме?

— Егер біздің клиентті қарастыратын болсақ, ол банктің клиенті емес екендігі түсінікті. Тиісінше тлиенттердің үлкен бөлігінде банктерде кредиттері жоқ немесе кредиттік тарихы бұзылған, сол себептен мұндай клиенттер банктерге жүгіне алмайды. Екінші деңгейлі банктерде қарыздары бар екендігіне қарамастан МҚҰ-ға жүгінетін клиенттер де бар, себебі банктерде кредитті алу біздің рәсімдерге қарағанда ұзағырақ уақытты талап етеді. Жалпы нарық туралы айтатын болсақ, Бірінші кредиттік бюроның соңғы деректеріне сүйенсек, бір еңбекке қабілетті қазақстандықта 4 кредит бар.

— Бұл барабар индекс пе?
— Иә және ол басқа мемлекеттердегі бір қарыз алушыдағы кредиттердің санымен бірдей. Мысалы, Ресейде ситуация дәл осындай.


— Deloitte компаниясының зерттеуіне сәйкес 2020 жылы Қазақстандағы қаржылық технологиялар нарығындағы капиталдандыру 20 млрд. теңгені құрауы тиіс. Осыған қатысты пікіріңіз?


— Егер 2018 жылғы Deloitte компаниясының зерттеуін негізге алатын болсақ, нарықтағы ойыншылар санының аз болуына және нарықтың жаңадан дамуына байланысты нарықтың қаншалықты қарқынды дамуын жорамалдай алмаған. Бұл ретте сол кездегі және қазіргі жағдайды ескеретін болсақ, қаржылық компаниялар нарығының елеулі үлесі кредиттеу сегментіне тиесілі. Қазақстандағы онлайн-кредиттеумен айналысатын компаниялардағы қаржыландырудан өткен кредиттердің көлемі ең қарайым жорамалына
сәйкес 2020 жылы 130 млрд. теңгеге дейін жетуі ықтимал. 2019 жыл бойынша қорытынды деректер әлі әзір емес, көрсеткіш шамамен 100-120 млрд. теңге көлемінде болады деп санаймын. Ұлттық Банктің алдында қаржылық технологиялар саласында жұмыс істейтін МҚҰ есеп береді, алайда онлайн-компаниялар бойынша деректер келтірілмеген. Осы жылдағы шағын өсім, менің пікірімше, жарғылық
капитал бойынша талаптардың күшеюіне байланысты ойыншылардың барлығы МҚҰ болмайтындығымен байланыстыруға болады.

— 2020 жыл күрделі болып, содан кейін ғана нарық айтарлықтай күшеюі мүмкін бе?

— Заңнамалық өзгерістерге сәйкес ЖШС МҚҰ-ға айналу үшін 1 маусымға дейін уақыт берілді. Осылайша 2020 жыл осы сегментте жұмыс істеуді бастауға мүмкіндік беретін әзірлену мен трансформацияға дайындық жылына айналады. Өз кезегінде 2021 жыл клиенттерді тартуға арналған жылға айналады, осылайша клиенттерге ең үздік сервис көрсетуге дайын мықты ойыншылар ғана жеңіске жетеді. Біз Қаржылық технологиялардың қазақстандық ассоциациясымен, Қазақстандағы Микроқаржылық
ұйымдар ассоциациясымен тығыз жұмыс істегендіктен осындай қорытындыға келдік.

— Аталған ұйымдар осы өзгерістерге қатысты қобалжу білдірді ме?

— Әрине, себебі 2019 жыл қарбалысқа толы жыл болды. Бұған қоса мемлекет тарапынан реттеу қалай дамитындығына қатысты түсінбеушілікте орын алды. Басқа мемлекеттердегі секілді көптеген жағымсыз мысалдар да бар. Мысалға алатын болсақ, Грузия бір күн ішінде микроқаржылық секторды толық жойды. Бізде мұндай теріс шешім қабылданбағандығы қуантады.

— Микроқаржыландыру туралы заңға енгізілген өзгерістерден кейін ашықтық
үшін нарық айтарлықтай қиналып қалмай ма? АМФОК пікіріне сүйенсек, нарықтан
ойыншылардың жартысы кетеді.

— Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. «Қара пиар» деген түсінік бар және егер нарық реттелмесе, біз 2018-2019 жылдары орын алған ситуацияға тап боламыз. Қазақстандық қаржылық технологияларды реттейтін компаниялар тізіміне кірмейтін ұйымдар кредитті өте үлкен пайызбен берген, борышкерлерден ақша қалай алынғандығы түсініксіз. Осындай әрекеттер нарыққа қатысты теріс пікірді қалыптастырған. Реттеу болған
кезде компаниялар мұндай «шлейфтен» сақтандырылған. Бұған қоса нарық ашық әрі түсінікті механизммен реттелгенде сырттан инвестицияларды тарту да оңайырақ болады.

— Сіздің пікіріңіз бойынша осы жылы қаржылық технологиялар нарығын дамыту барысында қандай тосқауылдар болады?

— Қаржылық технологиялар нарығын дамыту кезінде қаржыландырудың жетіспеушілігі елеулі тосқауылдың бірін құрайды. Инвестициялар үшін сала айтарлықтай жаңа және елімізде стартаптардағы үлесті сатып алатын венчурлік қорлар белсенді дамыған жағдайда, үдеріс жеңіл болатын еді. Банк секторы кепілзаты
жоқ немесе зияткерлік активтер кепілзат болатын жобаларға кредит беруге келісе бермейді. Бұған қоса еліміздің алшақ аудандарында кең жолақты интернеттің болмауы және халықтың төмен қаржылық сауаттылығы қосымша қиыншылықтарға жатады. Бір айға арналған бюджетті жоспарлау және дәл осы уақытта қандай қаржылық құралды пайдаланған оңтайлы, инвестиция үшін қандай өнімдер қол жетімді
екендігін білу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, интернет желісіндегі киберқауіп пен алааяқтықтан қорғана білу өте маңызды.

— Қаржылық технологиялар нарығында қандай технологиялар аса тартымды және перспективада пайдалануы ықтимал?

— Скорингтік модульдерді қалыптастыру мен тәуекелдіктерді бағалау кезінде біз белсенді пайдаланатын машиналық оқыту, жасанды парасат, нейрондық желілер. Пернетақталық қолтаңба паттерні секіллі физиологиялық және мінез-құлық биометрияны пайдалану өзекті болып келеді. Клиенттерге қолдау көрсетуді автоматтандыратын чат-боттар мен басқа технологиялық шешімдер мен бағдарламалар
сұранысқа ие.


— Қаржылық технологиялар нарығының өсуіне қатысты сұраққа оралатын болсақ. Онлайн-кредиттеумен
айналысатын компаниялардан ешқандай анықтамасыз кредит алу мүмкіндігі осылайша көлеңкелі экономиканың артуына қосымша мүмкіндік бермейді ме?

— Мұндай пікір Қазақстанды қоса алғанда басқа мемлекеттерде де бар. Қаржылық технологиялар нарығы – көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартатын құрал. Клиент мұндай компанияға келген кезде компания көптеген параметрлерді талдайды. Біздің компанияда мұндай параметрлер 10 мыңнан асады. Біз кредитті қолма-қол ақша арқылы бермейміз, қаражатты шотқа немесе картаға аударамыз. Осылайша клиент алған сома жүйеде тіркеледі және кредиттік тарих қалыптасады.

15:32
330

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!